Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Көкейден кетпес күйініш
20.05.2016

Тарихымыздың қаралы жылдарын,  саяси репрессия мен аштық құрбандарын ұмытпау халқымыз үшін арманда кеткен аға буынның аманаты болып келеді және қала бермек.

Н. Назарбаев

         Қазақстан Республикасы Президентінің1997 жылдың 5 сәуіріндегі № 3443 Жарлығына сәйкес Қазақстанда жы сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.  

         Абонементтер бөлімінде аталған күнге арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрменің негізгі бөлігіне деректі материалдар негізінде шығарылған кітаптар қойылған. Олардың ішінде барлық саяси құрбандарға арналған естелік басылым – «Азалы кітап - Книга скорби» кітабы дар бар.  Онда 1930-1950 жылдар аралығында Қостанай облысының аумағында саяси айыппен атылып кеткен адамдардың тізімі келтірілген. Ғ.Н. Мәулетовтың «Үрей мен үміт - Страх и надежда» және «Замана. Времена», кітаптары жерлестерімізді жадымызда сақтауға арналған. Т.Бейісқұловтың «Беймбетті атқан кім» деректі эссе-толғанысы Бейімбет Майлинның қасіретті тағдыры туралы хабардар етеді.  Сондай-ақ көрмеге У.Ғалиевтің Міржақып Дулатов жайындағы «Ұлтты оятқан кітап» кітабы, К.Сәрсекеевтің «Честь и совесть нации или раздумья о жизни и творчестве Ахмета Байтурсынова» кітабы, М.Бесбаевтың «Лихие времена» монографиясы, «Красный террор» деректі материалдар кітабы және т.б. қойылған.

         Кітап көрмесі 2016 жылдың 5 маусымына дейін жұмыс істейтін болады.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus