29 мамыр күні кітапханамыздың жиналыс залында «Армяндар әлемі» тақырыбымен Қостанай облыстық «Эребуни» армяндар қауымдастығының тұсаукесері болып өтті.
Кездесу барысында кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаева армяндар қауымдастығының өкілдеріне арнайы дайындалған «Қостанай облысының диаспоралары: Армяндар» атты ақпараттық-библиографиялық көрсеткішті тарту етті. Шараны өткізу кезінде жүргізушілер Армян халқының тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қысқаша шолу жасаса, қауымдастықтың белсенділері әсем ән мен әдемі биді тарту етті, сондай-ақ «Дудук» деп аталатын армян халқының ұлттық музыка аспабында әуезді шығарма орындалды. Халықаралық кітаптар бөлімінің қызметкерлері кітап көрмесін безендірді. Шара көңілді және өзара достық ахуалда өтті.