Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Семинар «Экологиялық ағартушылық: өлкетану аспектісі»
13.06.2016

Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК 2016 жылдың 9 маусымында Науырзым ОАК Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының 85 жылдығына арнап «Экологиялық ағартушылық: өлкетану аспектісі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өткізді.

Аталған шараның мақсаты – қоғамдағы экологиялық проблемаларға назар аудару, қоршаған ортаны қорғауға атсалысу, әріптестердің осы тақырыптағы жұмыс тәжірибелерімен таныса отырып, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Айсағалиев ашты. Аудандық маслихаттың хатшысы Г.Е. Абенова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Г.К. Ақсаутова, Науырзым мемлекеттік қорығының директоры Ғ.Жеңісбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Семинарда ең таңдаулы экологиялық жобалар қарастырылды. Атап айтқанда, «Меңдіқара ОКЖ» ММ Степанов ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Л.И. Рулева, «Амангелді ОКЖ» ММ кітапханашысы С.М. Көшкінбай, «Алтынсарин ОКЖ» ММ Краснокардон а/к кітапханашысы Т.А. Жиляева және Краснокардон орта мектебінің кітапханашысы В.Л. Фунтикова,«Науырзым ОКЖ» ММ Шилі а/к кітапханашысы Г.С. Бирмагамбетова өз жобаларын ұсынды.

«Науырзым ОКЖ» ММ әдіскері З.К. Каскатаева, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағарту бөлімінің бастығы А.Ж. Избасарова баяндама жасады. Л.Толстой ат. ОӘҒК әдіскері А.Қ. Минасова облыс ОКЖ тұрғындарды экологиялық ағарту бойынша жүргізген жұмыстарына талдау жасады.

Семинарға Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының кітапханашылары мен директорлары қатысты. Қатысушылар саны – 45.

Амангелді ОКЖ «Қандай көркем, туған өлкем» тақырыбында көрме ұсынды. Көрмеге ауданның тарихына, экологиясына арналған кітаптар, буклеттер, ауданның аң, құс, жануарларының макеттерімен қоса, экологиялық  таза ұлттық тағам өнімдері ұсынылды.

«Киелі жерім - Науырзым» көрмесіне шолу, Науырзым ОАК экскурсия,  Науырзым мемлекеттік қорығына экскурсия жасалды. Науырзым мемлекеттік қорығы директорының орынбасары М.А. Зейнелова семинар қатысушыларына шолу жасады. Кәсіби пікірталас өтті. Науырзым ОКЖ қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus