Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әлем есірткіге қарсы
16.06.2016

Заңсыз есірткі айналысымен күресті күшейту жұмыстары біздің  әділ және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстарымызбен ұштастырылуы тиіс. Біз әлсіздер мен осалдардың қуатты және табанды болулары үшін үнемі жұмыс істеуіміз тиіс.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауынан

 

         26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі саудасымен күрес күні. Бұл күнді 1987 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы есірткі тұтынбайтын халықаралық қоғам құру үшін өзінің жұмысын және ынтымақтастығын күшейте түсетінінің белгісі ретінде бекітті. 

         Есірткінің адам организміне орасан зор зиян әкелетінін бәрі біледі, соған қарамастан есірткіге тәуелді жандардың жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Абонементтер бөлімінде осы күнге арналған жедел көрме жұмыс істеуде. Көрменің көзге түсер жерлеріне «ҚР 2012-2016 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес жөніндегі салалық бағдарламасы», «Есірткізісіз болашақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы, сондай-ақ белгілі дәрігер Н.Исмуковтың есірткі мен алкогольге тәуелділіктің алдын алу және одан құтылу жолдары қарастырылған «Будущее без наркотиков» бағдарламасы, О.Исаковтың білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Психологические основы профилактики наркозависимости» материалдар кітабы қойылған. Нашақорлықтың не екенін жақсы білетіндер мен одан аман қалғандарға авторлар           Т. Отвагинаның «СТОП! Наркотик», В. Альтшулердің «Наркомания: дорога в бездну», А. Алимжановтың «Ужас наркомании», С. Гурскидің «Внимание - наркомания!» кітаптары және т.б. көптеген материалдар көмектесе алады.

         Көрме жұмысын 2016 жылдың 7 шілдесіне дейін жалғастыратын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus