Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Еске алу кеш
27.06.2016

Ғаламат сазгерлік пен тамаша ақындықты серік еткен, замандастары «Торғайдың Алтынбегі» атап кеткен Ерлан Қадірұлы Нұрманғалиевті еске алуына орай «Мирас» мәдениет үйінде «Жүрегімнің алауы» атты кеш өтті.

Кеште алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Автордың туыстары, жақын достары, әріптестері қатысып, талантына тәнті болып, кешті тамашалады.

Бүгін де Ерлан Нұрманғалиевтің бірнеше әндері қазақ сахнасында шырқалып жүр. Астана, Қостанай, Арқалық қаласынан келген бір топ әншілер композитордың бірнеше әндерін осы кеште орындап, көпшіліктің көңіліне жылулық сыйлады.

         Келген қонақтарды «Күн сәулесін өзіммен ала туғам..»  деп аталған деректі-кітап көрмесі қызығушылықтарын оятты. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде ақынның қолжазбалары жинақталған материалдар мен бірнеше ноталардың көшірмесі, сонымен қатар, сазгердің өзі қолданған музыкалық аспаптары (домбыра, баян, гитара) қойылып, марқұмның жақындарының, қатарластары мен ұстаздарымен бірге түскен бірнеше суреттері қойылды. Кеште  автордың өлеңдері топтастырылған «Ақ қайың» аталатын кітабының тұсауы кесілді. Өмірден қыршын кетсе де, жауқазын жырлары мен есті әндердің авторына айналған жерлес, ақынымыздың есімі де мәңгілік өшпейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus