Кеше 27 шілде күні «Пионерлер сарайында» Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған № 6197 Әскери бөлімі үшін тарихи маңызды құжаттар, ұлт Көшбасшысы бағдарлама құжаттарының көрме-қарауы болды. Барлығы 89 басылым ұсынылды.
Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері: тарих мәнмәтініндегі қазақ мемлекеттілігінің көп ғасырлық тарихын, Қазақстан тәуелсіздігінің даму тарихын көрсету. Көрме тәуелсіздік жылдары басылып шыққан әдебиет шығармаларының Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК ақпараттық-кітапханалық қорын көпшілікке таратуға бағытталған. Көрмеде Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық құжаттары: «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы», 2015 жылғы 30 қарашасындағы«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Көрмеге № 6197 Әскери бөлімінен 200-ден астам адам келді.