Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ы. Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» аймақтық семинары
12.08.2016

2016 жылдың 4 тамызы күні Жангелді ауданында «Ы. Алтынсарин тағылымы: кеше және бүгін» тақырыбымен көшпелі аймақтық семинар болып өтті. Семинардың қонақтары мен қатысушылары үшін танымал саяси қайраткерлердің, ғалымдардың, жазушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың, ұлы педагог-ағартушы Ы.Алтынсаринның мұражайларына экскурсия жасалынды.  

Семинарға жиналғандарды алдымен Жангелді аудандық мәслихатының хатшысы Нұрғазин Серік Бағдатұлы, Әбжамалов Дастан Тыныштықұлы, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бөлім басшысы Шевко Ирина Викторқызы, Л.Толстой ат. ОӘҒК директоры Дүйсебаева Дариға Төребайқызы, семинарды жүргізген Арқалық қ. № 2 ОӘҒК директоры Нұрманова Алма Жақсылыққызы құттықтады.

Семинар барысында 6 баяндама оқылды. Жангелді мұражайлар кешенінің директоры Сәрсекеева Гүлбану Күлетқызының баяндамасы мен Ермағанбет Сәуле Ғалымжанқызының ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған библиографиялық құралының тұсаукесері жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Семинардың пленарлық бөлігі Жангелді және Амангелді аудандары оқушыларының Ы.Алтынсарин шығармаларын көркем оқу байқауымен аяқталды. Жүлделі орындар төмендегідей болды: 3-ші орын Ш.Уәлиханов ат. орта мектептің 7 сынып оқушылары Елубай Арман мен Тұрай Гүлжазға берілді, 2-ші орынды Құсайынова Ақтұрсын, Сейіл Фариза,  Жұмабек Айдана иеленсе, 1-ші орынды Амангелді ауданынан келген Қуаныш Жансая жеңіп алды.   

Семинардың екінші бөлімі Сужарған, Сарысу және Тауеш ауылдарына аялдаған «кітапхана керуені» түрінде өтті. Сапар барысында Шайменова Гүлбану Төленқызы қонақтарды аудан тарихымен таныстырып өтті.  Алғашқы аялдама Ыбырай Алтынсарин ауылында орын алып, өзен жағасына тігілген киіз үйлер мен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы  үй ішінің безендірілуі көрсетілді. Ауыл кітапханалары оқырмандарының сахналауымен Ы.Алтынсаринның өмірінен көрініс қойылды.

Екінші аялдама «Жеңіс» деп аталды. Кітапханашылар мен ауыл кітапханаларының оқырмандары Тахауи Ахтановтың «Боран» шығармасынан үзінді қойды. Соғыс жылдарындағы әуендер ойналып, далалық асүйде пісірілген картоп, жауынгерлердің қарақұмық ботқасы ұсынылды. Қырқыншы жылдары тұтынылған заттар қойылған көрме ұйымдастырылды. 

Үшінші аялдаманың – 1916 жылғы көтеріліске қатысқандарға арналған ескерткіштің жанында қонақтарды сол кездің әскери киім үлгісін киген қарулы адамдар қарсы алды.  Киіз үй тігіліп, темір соғатын шеберхана орнатылды, жүз жыл бұрын орын алған оқиғалар жайында баяндап беретін кітап көрмесі безендірілді. Кітапхана оқырмандары – ауыл тұрғындары Амангелді Имановтың губернатормен болған кездесуінен сахналық көрініс қойды.

Кітапханалық үш ауылда болғаннан және 1916 жылдың оқиғалары жайында кітапханашылар мен оқырмандар қойған көріністерді тамашалағаннан кейін семинарға қатысушылар Жангелді ауданының кітапханашылары өздерінің елді мекендерінің тұрғындарымен толыққанды жұмыс істеп жатқандарына, кітап оқудың дамуына қолдау көрсетіп, туған жерлерінің тарихының ұмыт қалмауына үлес қосып жатқандарына көз жеткізіп қайтты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus