Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әдеби байқауының ЕРЕЖЕСІ
06.09.2016

1.     Жалпы ереже

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа деген жағымсыз сезімін тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бағытталған ең үздік әдеби әңгіме, эссе, өлең «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» (бұдан әрі - Байқау) атты әдеби байқауын өткізеді.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – іріктеу, 2016 жылғы қыркүйектің 2-нен 30-на дейін өткізіледі;

2 кезең – жеңімпаздарды анықтау, 2016 жылғы 5 қазанға дейін;

3 кезең – жеңімпаздарды марапаттау, 2016 жылғы 7 қазанға дейін.

 

II. Байқаудың шарттары

Байқауға ұлттық, жыныстық және жас ерекшелігіне қарамастан Қазақстан Республикасының ақындары мен жазушылары, қатыса алады.

Байқауға рәсімдеу талаптарын дәл орындаған авторлардың жұмыстары жіберіледі (III. Жұмыстарға қойылатын талаптар).

Байқауға ұсынылған жұмыстар кері қайтарылмайды және рецензияланбайды.

Байқау барысы мен нәтижелерi туралы барлық ақпарат Департаменттің интернет-сайтында жарияланады.

Байқауды ұйымдастырушылар, серіктестер және де мүдделі ұйымдар арнайы сыйлықтар құра алады.Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.Жеңімпаздар туралы ақпарат Департаменттің сайтында жарияланады.

Автор байқауға өз жұмысын жолдағанда, ол жұмыстың Департамент сайтының және баспа басылымдарының «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» айдарында жарияланатынына келіседі және авторлық гонорардың төлеуіне үміт етпейді.


III. Жұмыстар үшін талаптар

Байқауға сыбайлас жемқорлық, қылмыс, құқық бұзушылық және қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасағанда кінәсін мойындаған нағыз кейіпкердің тағдырын айқындайтын нақты фактілер мен оқиғаларға негізделген баспада жарияланған және жарияланбаған жеке жұмыстар (әңгімелер, эсселер, өлеңдер) қабылданады.

Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде agskos@mail.ru электрондық пошта арқылы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы) және міндетті түрде қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім сүйемелдеуімен ұсынылуы тиіс.

Жұмысқа автордың шын аты-жөні немесе оның бүркеншік аты қойылуы мүмкін.

Шығарма көлемі: проза - 120 мың таңбаға дейін, поэзия - 200 жолға дейін. Жұмыстар мәтіндік форматта қабылданады.

Беттің параметрлері: жоғарғы жағы - 1,5 см, төменгі - 1,5 см, сол жақ - 2,5 см, оң жақ - 1,5 см; шрифт - Times New Roman; қаріп өлшемі - 14; жоларалық интервал - 1,0; мәтін ені бойынша туралау; бірінші желісі шегініс - 1 см.

Қойылған талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қабылданбайды.

Байқауға қабылданбайды:

- «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әдеби байқауына қатысу үшін өтінімді толтырмаған жұмыстар;

- дұрыс жобаланбаған жұмыстар;

- мәтін көлемі белгіленген параметрлерден асатын жағдайдағы жұмыстар;

- байқаудың тақырыбына сәйкес келмейтін жұмыстар;

- балағат лексика, заң бұзушы, экстремизм, зорлық-зомбылық насихаттау және қатыгездік шақыратын шығармалар;

Ұйымдастырушылар авторлардың жұмыстарын байқауға жібермеу туралы шешімін, сонымен қатар себебін хабарламайды.

Байқауға жіберілген авторлардың тізімі қазылармен қарастырылғаннан кейін департаменттің сайтында жарияланады.

 

IV. Қазылар алқасының жұмыс тәртібі

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау мақсатында құрылады.

Қазылар алқасы департамент, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұрады.

Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссия құрамының 2/3 қатысуымен көпшілік даусымен қабылданады.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Сондай-ақ, қазылар алқасы жүлделердің бірін тағайындамау құқығын қалдырады.

 

V. Жеңімпаздарды марапаттау және қорытындылау

Байқаудың қорытындысы бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау үшін мемлекеттік тілде 3 жеңімпаз және орыс тілінде 3 жеңімпаз анықталады.  

Жеңімпаздардың жұмыстары Департамент сайтының және баспа басылымдарының «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» айдарында жарияланады.

Байқау қорытындылары бойынша салтанатты рәсім Қостанай қаласы Қасымханов көшесі, 34 мекенжайы бойынша 2016 жылғы 7 қазанда өтеді.

 

Қосымша

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әдеби байқауына қатысуға

Сұраным

Толық аты-жөні Туған күні Шығарманың атауы Шығарманың жарыққа шығу мерзімі
1 2 3 4

(Қысқартуларсыз, жеке куәландыратын құжаттарға сәйкес)

 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus