Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайлық суретші Олег Кусковтың «Шабыттың қайнар көзі» көрмесінің ашылуы.
09.09.2016

          8 қыркүйек күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімі салтанатты түрде қостанайлық суретші Олег Витальевич Кусковтың пейзаж секілді кез келген жанның жанына жақын жанрға арналған «Шабыттың қайнар көзі» атты көрмесін ашты. 

Олег Витальевич үшін бұл жанр басқа бағыттан ерекше жақын. Себебі ол өзінің шығармашылық жолын дәл осы жанрдан бастаған болатын, оның алғашқы салған суреті де пейзаж еді. Содан бері қанша уақыт өтсе де, ол қандай жанрмен, сюжетпен жұмыс істесе де пейзажға тұрақты түрде қайта соғып отырады. Ол 25 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. Ал үстіміздегі жылдың 5 сәуірінде «Мирас» мәдениет үйінде Олег Витальевич Кусковқа салтанатты түрде Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығы тапсырылған болатын.

Көрермендер назарына ұсынылған көрмеге соңғы кездері салған суреттерімен қатар (мысалы, «Қала орталығы» суреті) алдыңғы жылдардағы жұмыстары да қойылған. Алайда бұрынғы жұмыстары да көрермендер үшін қызықты болары сөзсіз, себебі олар өте сирек қойылған немесе мүлдем қойылмаған.  

Суретшіні құттықтау үшін оның туыс-туғандары, жолдас-жоралары, әріптестері мен суретшілер және оның талантына тәнті болып жүрген қала жұртшылығы жиналды. Г.М. Соков, С.Д. Луговой, Ю.Д. Новосёлов, В.Е. Евтушенко, Ю.Я. Бондаренко, А.С. Денисов және тағы басқа қонақтар авторға деген ізгі тілектерін жеткізді. Олардың көпшілігі автор шығармашылығының үнемі өсіп отыратынын, өзін үздіксіз жетілдіруге ұмтылатынын, туған жерге деген шексіз махаббатын, суреттерін бірден танытатын өзіне тән деталдарға көңіл бөлетінін атап өтті.

Олег Витальевичпен асықпай әңгімелескен көрермендер мен қонақтар өздерінің әсерлерін ортаға салысты.  Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады. Сондықтан да біз барлық тілек білдірушілерді туған жеріміздің көрікті жерлерін тамашалауға шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus