«Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ кітапхана оқырмандарын Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбын тақылауғашақырады.
20 қыркүйек күні сағат 15.00-де Л. Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада мемлекетіміздің тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелерін талқылау болады. Сұхбаттың сындарлы болуы үшін Облыстың тілдерді дамыту басқармасының өкілдері шақырылған. Шара «сұрақ-жауап» түрінде өтетін болады. Шара барысында келген қонақтарға сұрақтар қойып, олардың сұхбаттарына араласуға болады.
Шараға келген қонақтардың назарына кездесудің тақырыбын көрсететін кітап көрмесі ұсынылатын болады.