Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Барлық тіл өзінше ұлы
21.09.2016

20 қыркүйекте Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қауіпсіздігінің кепілі» атты кездесу болып өтті.

Кездесу барысынла мемлекетіміздің тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелері талқыланды.  

Аудиториямен арадағы сындарлы сұхбатқа Қостанай облысының тілдерді дамыту басқармасының өкілі Ж.Б.Наурызбаев пен қазақ тілін жақсы білетін практик психолог Я. Юнак қатысты.

Сөз сөйлегендер тілдерді үйрену үшін қазақстандық отансүйгіштік пен Отанға деген махаббаттың, сондай-ақ жеке бастың ынтасының болуы қажет екендігін атап өтісті. 

Қазақстанның әр түрлі халықтарының тілін білу адамның өзіне деген сенімділігін арттыра түседі, оның жұмысының жемісті болуына, қызметінің көтерілуіне, тұлға ретінде танымал болуына ықпал етеді, мемлекеттің ынтымақтылығына, өмірдің бақуатты болуына әсер етеді.    

Қонақтардың назарына кездесудің тақырыбын аша түскен «Тілді құрметтеу – халықты құрметтеу» көрмесі ұсынылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus