Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Қостанай қаласында орналасқан Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық музейге сый тарту» атты республикалық акция өткізілген болатын. Акция барысында Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана тарапынан өңіріміздің ғана емес, қазақ елінің тарихынан ойып орын алған ақындардың анасы Мәриям Хакімжанованың туылғанына 110 жыл толуына байланысты дайындалған кітап көрмесі келушілер назарына ұсынылды.