Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бірінші курс студенті күні» акциясы
03.10.2016

Оқу жылының басталуына орай кітапханада «Бірінші курс студенті күні» акциясы өз жұмысын бастады. Студенттер кітапхана бөлімдерімен, кітаби және электронды ресурстармен, жаңадан түсіп жатқан әдебиеттермен белсенді танысып жатыр. «Электронды каталог» шеберлік сыныбы да олардың ерекше қызығушылығын тудыруда.

Жастардың еліміз бен туған өлкеміздің тарихына деген ықыласы және қызығушылығы көңілге қуаныш ұялатады, олар «Тәуелсіздіктен Мәңгілік елге», «Берекелі бай өңір»  кітап-құжат көрмелерін ерекше ынтамен тамашалауда.

Кітапханамыздан көптеген қызықты және танымдық дүниелерді табуға болады! Қымбатты бірінші курс студенттері, сіздерді асыға күтеміз, бізге келіңіздер, оған еш өкінбейтін боласыздар!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ