Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Рудныйдағы «Әдеби десант»
06.10.2016

Бұл жолғы әдеби десант жобасы аясында Рудный қ. филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов келді. 

Кездесу орны ретінде Ы.Алтынсарин ат. педагогикалық колледж таңдап алынды және бұл жерді таңдауға Серікбай Оспановтың соңғы жылдары Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығын зерттеу бойынша көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі себепші болды.

Авторды таныстыру барысында Балалар кітапханасының директоры Г.Ибжар Серікбай ағайдың қазақстандық атақты әншілер орындап жүрген 200 астам әнге сөз жазған автор ғана емес, сондай-ақ қолданбалы өнердің хас шебері екендігін, ағаштан түйін түйген (домбыра, асүй бұйымдары, кәдесыйлар, қобдишалар және т.б.) өнер иесі екендігін де атап өтті.

Қонақтың әңгімесін зейін қоя тыңдаған оқушылар қазақтың алғашқы ағартушысының өмірі жайында көптеген қызықты да тың деректерге қанық болды. С. Оспанов студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кітапханаға өзінің Ы.Алтынсаринге арналған жаңа еңбегі – «Ұлағатты ұлы ұстаз» кітабын тарту етті.

С.Оспановтың шығармашылығын құрметтеушілердің орындауында ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Автордың өзі де домбырамен сүйемелдей отырып өзінің бірнеше шығармасын орындап берді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus