Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ыбырай Алтынсарин мұрасы – мәңгілікке қазына»
07.10.2016

Қазанның 5-і күні Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың әмбебап оқырмандар залы «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – мәңгілікке қазына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің дүниеге келген күніне 175 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Бұл шараға ақын, ҚМПИ профессоры Серікбай Оспанұлы, ЧелМУ ҚФ аға оқытушысы Атжанова Нәйла Ерденқызы, Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражай қызметкері Шектібаева Назгүл Төкенқызы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермагамбетова Меруерт Қайыркенқызы қатысты. Қонақтардың әрқайсысы ұлы педагог Ы.Алтынсарин жайлы жаңа, қызғылықты әрі маңызды деректер келтірді, бұл деректер студенттер мен оқушылар үшін ғана емес, аға буын үшін де мәнді болды. Көрермендер қатарында ҚМПИ қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары болды. Шараға қатысушылардың назарын өзіне аударған «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – мәңгілікке қазына» атты кітап көрмесі де ұсынылды.

Биылғы жылы еліміз бойынша Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы аясында көптеген шаралар ұйымдастырылуда.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ