Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ашық есік күнінің»
07.10.2016

2016 жылдың 12 қазаны күні Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапханада «Ашық есік күні» өтеді. Кітапхана қонақтарын түрлі тақырыптық шаралар: көрмелер, кітаптың тұсаукесерлері, сирек фолианттардың таныстырылымы, қаланың танымал тұлғаларымен кездесулер күтіп тұр.  Ұсынылатын шаралар жан-жақты сараланған. Кез келген адам өзінің жанына жақын бірдеңе таба алатын болады.   Поэзияны сүйетіндер үшін өлеңдер оқылатын болады, Александра Суслованың балаларға арналған «Солнце на ресничках» кітабының тұсаукесері болады, сондай-ақ ҚР Жазушылар одағының Қостанайдағы филиалының төрағасы, сатирашы Ғұмар Ахметчин өзінің «Күндіз жұлдыз көрінсе» кітабын көпшілік назарына ұсынады.

Зияткерлікпен айналысуды ұнататындар үшін кітапханада алғаш рет «Эврика» ғылыми әуестік паркі жұмыс істейтін болады. Бұл жерде қонақтар физикалық құбылыстар мен химиялық тәжірибелерді тамашалай алады. Үлкендер мен балалар танымдылығы мол және көңілді шеберлік сыныптарына қатыса алады. Сонымен қатар келушілердің алуан түрлі энциклопедиялардың үлкен қорымен танысып, өзін шешеннің рөлінде байқап көруіне және «Зияткерлік ойындар клубының» жұмысына қатысуына болады. Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ профессоры Я.К. Духинмен кездесу болады. 

Бұлардың сыртында жерлестеріне айтары бар түрлі азаматтармен кездесулер өтеді. Мысалы, «Баян Сұлу» кондитер фабрикасының өкілдерімен кездесу қызықты шаралардың бірі болмақ. Олар өздерімен бірге тәттілерден басқа конфеттер мен технологиялардың тарихын және «тәттілер зертханасында» болып жататын беймәлім деректерді әкелетін болады.  Ұлттық нақышты ұнататындар үшін домбыра әуенімен өлеңді суырып салып айту – айтыс өтеді. Оған ЖОО мен колледжердің және қала мектептерінің оқушылары қатысады. Бұл өздеріңізге арнап сүйікті Толстовкаларыңыз дайындаған шаралардың бір бөлігі ғана. Шара 12 қазан күні болады, сіздерді сағат 10-нан кешкі 20-ға дейін бізбен бірге болуға шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus