2016 жылдың 6 қазаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Е.Өмірзақов ат. Қостанай облыстық филармониясының әншілері Қадыр және Майра Қаржауовтармен шығармашылық кездесу өтті.
Шара әңгіме түрінде өтті. Кездесу барысында әншілер отбасы өздерінің «Дүние дәурен», «Как молодо мы были», «Эхо любви», «Досыма» секілді тамаша әндерін кездесуге келгендерге тарту етті.
Сондай-ақ қонақтардың шығармашылық жолын көрсеткен кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге талантты отбасының түрлі байқауларда алған дипломдары, грамоталары және олардың шығармашылығы жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар қойылды.
Майра Мусимқызы мен Қадыр Бақтығалиұлы өздерінің 40 жыл өмірлерін Қостанайдың облыстық филармониясына арнады. Жыршы жұп Абай ат. Алматы мемлекеттік академиялық опера және балет театрынының жанынан жұмыс істеген вокал бөлімін бітірген.
Қаржауовтар отбасы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иелері, Майра Мусимқызы Қостанай облысы меценаттар клубының 2014 жылғы «Қазына» сыйлығының иегері.
Көптеген халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары. Олардың репертуарлары қазақ халық әндерінен, қазіргі композиторлардың әндерінен, Шығыс халықтарының әндерінен құралған.