Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Абонементтер бөлімінің келелі кеңестері
13.10.2016

Ашық есік күні Абонементтер бөлімінде өткізілген шаралардың басты тақырыбы жеке тұлғаның психологиясы болды. 

Мамандық таңдау – кез келген адамның өмірінде қабылдайтын ең маңызды және мәнді шешімдерінің брі. Бұл орайда оның қателеспей, өзіне шынымен де ұнайтын мамандықты таңдай білуі аса маңызды. Сондықтан да Абонементтер бөлімі А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, психология магистрі Ләззат Ерғанысқызы Ордабаеваны  және  Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Қостанай облыстық орталығының маманы Виктория Бурикуловна Хакимованы қатыстыра отырып «Тағдырмен тайталас: психолог мамандығы» кәсіби кездесуін өткізді. Шараға қатысушылар, жоғары сынып оқушылары практикалық психология әлемінің қаншалықты алуан түрлі екендігін, ол жерде қалайша білімді және адал болып жүруге болатындығын, эмоциялық тұрғыдан қорғалған және сұранысқа ие маман болу үшін не істеу керектігін білді.  

Сондай-ақ осы кеште Абонементтер бөліміне келген кісілердің назарын керемет тілектер ілінген «Келелі кеңестер ағашы» аударды, бұл жерден оқырмандар кітаптар туралы өзіне қажетті ақпараттар мен әр адамның алдынан шығатын Махаббат деген не және бақытты қалай табуға болады?, Өмір сүрген әр сәтіңді қалайша мәнді етуге болады?, Қалайша қорықпай әрекет етуге болады?, Сенімді болу үшін не істеу керек? секілді және т.б. көптеген мәңгілік сауалдарға жауаптар алды.

Абонементтер бөліміндегі «Келелі кеңестер» алаңы көптеген адамдардың басын қосты. Қонақтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін бұл өте қызықты, танымдылығы мол және тартымды шара болды.

 



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ