Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Елімнің мақтанышы – еңбек адамы» – «Баян Сұлу» Қостанай кондитер фабрикасы жұмысшы мамандарының өкілдерімен кездесу
14.10.2016

12 қазан күні «Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ «Елімнің мақтанышы – еңбек адамы» жобасы аясында «Баян Сұлу» Қостанай кондитер фабрикасының жұмысшы мамандарының өкілдерімен кездесу болып өтті. 

Кездесуге өндірістік бөлімнің басшысы Наталья Николаевна Шаповалова, №1 шоколад цехінің басшысы Оксана Николаевна Грунева, кадрлар бөлімінің басшысы Виктория Ивановна Перменко қатысты. 

Өте қызықты болған кездесу барысында қонақтар өздерінің жұмыстары жайында, кондитер өндірісінің құпиялары туралы, мамандықты қалай таңдағандары жайында, фабриканың қалай екінші үйлеріне айналып кеткені туралы, өндіріске қажетті шикізатты сатып алу туралы, «Баян Сұлу» АҚ өнімдерін сыртқа шығару жайында айтып берді.

Шараға Политехникалық колледждің бірінші курс студенттері мен Қызмет көрсету колледжінің «Кондитер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты. Студенттер болашақ мамандықтары бойынша көптеген пайдалы және маңызды ақпарат алды. Олар шараға белсенді қатысып, қонақтарға көптеген сұрақтар қойды.

Фабрика өкілдері студенттерді оқуды аяқтағаннан кейін «Баян Сұлу» фабрикасына келуге шақырды. 

 «Баян Сұлу» фабрикасы Қазақстан аумағына ғана емес, сондай-ақ елімізден тыс жерлерге белгілі брендтердің бірі. Фабрика өнімдері жоғары сұранысқа ие және қазақстандық отбасылардың дастарқанында тұратын тәттілердің бірі болып табылады. 


ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы