Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ислам және дін»
27.10.2016

Еліміз  егемендік алып, тәуелсіз мемлекет аталғалы 25 жыл өтті. Осы  жылдардағы ұлы жетістіктеріміздің бірі – діни сенім бостандығы, ар-ұждан бостандығы. Дін бүгінде мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі. Ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы ерекше. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанын мақтан тұтамыз.

Ислам – араб сөзі, өзін Аллаға тапсыру, бойсұну деген мағынаны білдіреді. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмалдыққа, қайырымдылыққа үйретеді. Ата-бабаларымыз ислам дінін берік ұстанған. Ислам діні – татулық пен  ынтымақтастықтың кепілі.

Осы тақырыпқа орай біз «Ислам және дін» атты іс шара ұйымдастырдық.

Бұл іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар: Қостанай қалалық мешітінің найб имамы, магистрант Дайыр Дүйсен Сәрінжіпұлы, ҚМПИ  тарих және өнер факультетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Исенов Өтеген Ихсанұлы, ҚМПИ  тарих және өнер факультетінің аға оқытушысы Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus