Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханадағы мерейтой
12.11.2016

2016 жылдың 12 қарашасында Лев Николаевич Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасында директор Дүйсебаева Дариға Төребайқызының мерейтойы аталып өтілді.  Кейбіреулердің мұны жекелеген мекеме қабырғасында болып жататын қатардағы оқиға ретінде бағалауы мүмкін және олар өздерінше дұрыс та. Алайда бұл «Толстовка» тарихындағы бес басшының үстіміздегі жылы орын алып отырған үшінші мерейтойы: маусым айының ортасында әріптестері ОӘҒК үшінші директоры Валентина Алексеевна Кимнің 70 жылдығын атап өтсе, тамызда төртінші директор Гүлжамерия Ғалиасқарқызы Қазинаның 60 жылдығы аталып өтілді, ал желтоқсанда кітапхана мекеменің екінші директоры Анна Павловна Вертинскаяның 95 жылдық мерейтойын атап өтетін болады. 

Дариға Төребайқызы ірі мәдениет мекемесінің басшысы ретінде еңбек еткеніне жылдан сәл ғана асты, алайда осы қысқа мерзім ішінде кітапхана бөлімдерінің құрылымында көптеген өзгерістер орын алды, Ашық есік күні шаралары, «Дәулетова оқулары» республикалық конференциясы оқырмандардың есінде ұзақ сақталып қалды, «Кітапхана түні» акциясы қалалықтар арасында танымал шараға айналды.

Қазіргі кезде жетістікке жетуі үшін жетекші адамдарды рухтандыра, оларды алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін өзіне еріте білетін, өз командасының мүшелерін батыл шешім қабылдауға иландыра алатын тұлға болуы тиіс.

Дариға Төребайқызы бірге жұмыс істеу әркім үшін де қызықты болып табылатын нағыз шебер.  Оның кітапхана ісін дамыту жолындағы батыл шешімдері Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қабырғасында заманауи ақпарат және мәдени демалыс орталығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кітапхана ұжымы бірінші басшының қажымас қайраты мен жасампаз еңбегінің Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК республиканың басқа облыстық кітапханалары қатарында лайықты орнын сақтай отырып одан ары дамуына, өсуіне мүмкіндік беретініне сенім артады. Біз келешекте де оқырмандарымызды рухани құндылықтармен таныстыра, олардың бойында адамгершілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті қалыптастыра беретін боламыз.

Дариға Төребайқызына еңбекте табысқа жете беруіне тілектеспіз, әріптесімізге бақыт, амандық, денсаулық, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

 

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus