Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы дала ағартушысы» онлайн-конференциясы
18.11.2016

16 қараша күні облыстық кітапхананың қызметкерлері С. Бәйішев ат. Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханасымен бірлесе отырып «Ұлы дала ағартушысы» атты педагог-ағартушы Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына арналған онлайн конференция өткізді. Кездесуге Жазушылар одағының мүшесі ақын, жазушы, драматург Ақылбек Қожаұлы Шаямет, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ философия ғыл. кандидаты, профессор Қалқаман Хасенұлы Жақып, Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Балдырған Айжанқызы Айгужина қатысты. Кездесу барысында Ақтөбе ОӘҒК қызметкерлері ұлт ұстазы Ы. Алтынсарин жайлы тың деректермен бөлісіп, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қызметкерлері құрастырған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткішімен таныстырды. Сонымен қатар Ырғыз перзенттері мақтанышпен әнге қосып шырқап жүрген «Ырғызда бар, Ыбырайдың мектебі» әнін орындап,  Ырғыздағы Ыбырай мектебіне шолу жасады.

Ақтөбелік оқырмандардың ой елегінде жүрген Ы. Алтынсаринге қатысты сұрақтарға Ақылбек  Шаяхмет пен Қалқаман  Жақып жауап берсе, музей қызметкері Балдырған Айжанқызы музейде қойылған ағартушы Ы. Алтынсариннің қолжазбалары мен нағашысы Шеген бидің шапанын көрсетті. Кездесу соңында Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері конференцияға қатысқан қонақтарға алғысын білдіріп, жоғарыда аталған ұсыныстық библиографиялық көрсеткішін Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына сыйға тартты.

 



Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus