Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері 9-10 қарашада Еуразия халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысты
14.11.2016

9 және 12 қараша күндері Астана қ. «Eurasian Book Fair - 2016» тақырыбымен Еуразия халықаралық кітап жәрмеңкесі болып өтті. Кітап көрмесін ҚР Үкіметінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қ. әкімдігінің, қоғамдық институттар мен партиялардың қолдау көрсетуімен «Фолиант» баспасы ұйымдастырды. 

Ауқымды зияткерлік алаңға ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім берушілік және полиграфиялық компаниялары бас қосты.

Көрме аясында ауқымды мәдени-іскер бағдарлама жоспарланып, соның шеңберінде тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер, белгілі мәдениет қайраткерлерімен, жазушылармен және ақындармен кездесулер өткізілді.

Қостанай облыстық кітапханасының қызметкерлері кітап көрмесінің бірнеше шарасына қатысты.

9 қарашада Қазақстанның шығармашылықпен айналысушы зиялыларының Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған   «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР» республикалық жиыны аясында «Көрме» орталығында «Үздік жазушы», «Үздік ақын», «Үздік балалар жазушысы», «Үздік балалар ақыны», «Үздік драматург» атаулары бойынша 25 автор марапатталды. Үздіктердің үздігін оқырмандар мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының беттерін пайдаланушылар Facebook онлайн-дауыс беру арқылы анықтады. Барлық қонақтар мен жиынға қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев мерекелік ахуалда құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

10 қарашада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітап мәдениеті мәнмәтініндегі кітапханалар» тақырыбымен секциялық сабақ өтті. Секцияның жұмысына Қазақстанның Ұлттық кітапханаларының өкілдері, «Библио-Глобус» сауда үйінің өкілдері, ғалымдар, баспагерлер, мемлекеттік мәдениет және білім беру мекемелерінің жауапты қызметкерлері, еліміздің өңірлерінен келген кітапханашыар қатысты. Секцияның модераторы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының жетекшісі Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы секцияның бағдарламасымен таныстырып өткеннен кейін кітапхананың қазіргі кездегі жұмысын адамзат дамуының тұтас жүйесі ретінде, әлемді кітап жинау арқылы, білімді жүйелеу арқылы көрудің әдісі ретінде  баяндады. Кітап шығарушылардың жетістіктері мен қиындықтары туралы секцияның қонағы – Мәскеу «КомпасГид» баспа үйінің PR-директоры Н.Эйхвальд әңгімелеп берді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры Жұртбай Тұрсынның, ҚР ҰАК аға ғылыми кітапханасы Жанбота Кәрібаеваның, Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Бауыржан Мұстафаевтің сирек кітаптарды табу және қалпына келтіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі баяндамалары да қызықты және мазмұнды болды. ҚР ҰАК ғылыми хатшысы Талдыбек Нұрпейісовтың «Дала комиссиясының» 1867-1868 жылдары Қазақстанда реформа жасауға дайындық жұмысы туралы жасаған баяндамасы қатысқандардың қызығушылығын тудырды.  Астана қ. Көлік және коммуникация колледжінің кітапхана меңгерушісі Гүлмира Жүнісова өз баяндамасында кітапхананың қазіргі кездегі даму үрдісіне көбірек көңіл бөлді.

ҚР ҰАК Электронды ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі Нұржан Жолдыбалинов Ұлттық электронды кітапхананы (ҚазҰЭК) Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасының электронды ресурсы ретінде көрсетті.

ҚР ҰАК Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры қызметінің жетекшісі Әлия Қожабекова мен кітапханашы Ақытжан Ақтайлақ ҚР ҰАК сирек қорын кітап мәдениетінің ескерткіші ретінде сақтаудың және пайдаланудың мәселелерін алға тартты.

Қазіргі кездегі өзекті мәселелерді көтерген баяндамалар мен пікірталастардың жоғары деңгейі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында қатысушыларға сертификаттар мен кездесуді ұйымдастырушылардың естелік сыйлықтары табыс етілді.  Секцияның жұмысы мазмұнды және жемісті болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus