Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ю.Я. Бондаренконың «Художники Костанайщины» кітабының тұсаукесері.
18.11.2016

          18 қараша күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК   Ю.Я. Бондаренконың «Художники Костанайщины» кітабының тұсаукесері өтті.  Кітап бұрынырақта шыққан «Культура в лицах» екі томдығына негізделген және Қостанай облысының суретшілері, мүсіншілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтерді жинауға бағытталған қыруар жұмыстың жемісі болып табылады.

        Басылымда қостанайлық өнерді бағалаушыларға жақсы таныс есімдер жайында, оқушылар мен студенттер көрмелерін жиі тамашалайтын шеберлер жайында деректер мен олардың шығармашылықтарының үлгілері келтірілген. Тек жинақтың айтарлықтай толық еместігін айта кету керек, онда көптеген лайықты адамдардың аттары аталмай қалған, алайда ең бастысы жақсы істің бастау алғаны анық, ал облысымыздың мәдени өмірінің жалпы көрінісін жасау –  болашақтың ісі. Басылымның педагогтар үшін, оқушылар мен туған өлкесінің өнерін танығысы келетін барлық жандар үшін пайдалы және қызықты болары күмән туғызбайды.

Достық кездесу түрінде өткен кітаптың тұсаукесеріне автордың шығармашылық саласындағы әріптестері, сондай-ақ шығармасының кейіпкерлері: Вадим Быков, Николай Торшин, Светлана Шалунова, Юрий Новоселов, Олег Кусков және т.б. көптеген кісілер қатысты.

Қонақтар олармен сұхбаттасып, көкейінде жүрген сауалдарын қойып қана қоймай, олардың туындыларын да тамашалауға мүмкіндік алды. 

 

 

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ