Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Баспасөз хабарламасы «Бейбіт бастамалар. Жасампаздық энергиясы» дөңгелек үстелі
23.11.2016

Баспасөз хабарламасы

 «Бейбіт бастамалар. Жасампаздық энергиясы»

 дөңгелек үстелі

«Мен «Әлем. ХХI ғасыр» манифесін ұсындым. Оның мақсаты – жер бетіндегі соғысты тоқтату.  Бұл ғасыр барлығының ерік-жігерінің арқасында сындарлы сұхбат салтанат құрған дәуір болуы тиіс».

Н. Назарбаев


2016 жылдың 29 қарашасы күні сағат 15.00 Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қостанайлық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бірлесе отырып абонементтер бөліміұйымдастыратын «Бейбіт бастамалар. Жасампаздық энергиясы» атты дөңгелек үстел өтеді.

         Шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем тарихында болып көрмеген шешіміне – ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонын жабуына арналған. Шара барысында Қазақстанның ядросыз әлем құру бастамасына, «Атом» жобасына және Қазақстан Президентінің 2016 жылдың наурызында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздіктің IV Саммитінде ортаға салған «Әлем. ХХI ғасыр» манифесіне ерекше назар аударылатын болады. 

         Шараға философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ қоғамдық пәндер, экономика және құқық кафедрасының доценті Айгүл Бақытжанқызы Амантаева, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры  Александр Валерьянович Видершпан, тарих ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының құқық кафедрасының доценті Рашид Ғабитұлы Нұрмағамбетов, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Серікжан Сағындықұлы Исмаилов қатысады.

         Келушілердің назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларын көрсететін басылымдар қойылған кітап көрмесі ұсынылатын болады.

Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus