Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазушы-сатириктің ғұмырлы ғибраты» атты кітап көрмесі
22.11.2016

 2016 жылдың 22 қараша күні «Мирас» мәдениет үйінде белгілі жазушы-сатирик, кәсіби журналист Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчиннің 75 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өтті.

 Бұл күнгі мәдени шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Қонысбайұлы Жүндібаев, Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов, «Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Кенжебек Укин, ақындар: Серікбай Оспанов, Нағашыбай Мұқатов, Ғайнижамал Бердалинова, Альфия Орманшина, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нәзира Жәрімбетова, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары, Қостанай гуманитарлық колледжі, Қостанай әлеуметтік-экономикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары, «Айқын», «Егемен Қазақстан», «Қостанай таңы» газеттерінің тілшілері қатысты.

Аталмыш шара аясында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан кеш иесі Ғұмар Ғарифоллаұлының шығармашылығы мен өмірінен дерек келтіретін «Жазушы-сатириктің ғұмырлы ғибраты» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Оның ішінде сатира саңлағының жеткен жетістіктері мен еңсерген белестерін айғақтайтын дипломдары мен марапаттары, құттықтау хаттары орын алды. Көрме келген қонақтар мен БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің назарын өзіне тартты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus