Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тұңғыш Президент - тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға»
25.11.2016

2016 жылдың 25 қарашасы күні Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар аясында мемлекет басшысының ғаламдық бастамаларын насихаттауға арналған «Тұңғыш Президент - тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесердің басты мақсаты құжаттар мен деректер призмасы арқылы егемен еліміз және жарқын болашаққа ұмтылыс, табыс символы саналатын Қазақ елінің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен ролін көпшілікке көрсету болып табылады.

4 бөлімнен тұратын көрмеге барлығы 200-ге тарта кітаптар мен басылымдар қойылды. Олардың ішінде барлық қазақстандықтардың басын біріктіруге және шоғырландыруға тиісті, ұлттық идеяға айналған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің орны ерекше.

Тұсаукесерге ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қатысты.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus