Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бейбіт бастамалар. Жасампаздық энергиясы» дөңгелек үстелі
02.12.2016

          «Мен «Әлем. ХХI ғасыр» манифесін ұсындым.  Оның мақсаты – жер бетіндегі соғысты тоқтату.  Бұл ғасыр барлығының ерік-жігерінің арқасында сындарлы сұхбат салтанат құрған дәуір болуы тиіс».

Н. Назарбаев

         Кітапханада абонементтер бөлімінің қостанайлық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Бейбіт бастамалар. Жасампаздық энергиясы»аттыдөңгелек үстел болып өтті.

         Шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем тарихында болып көрмеген шешіміне – ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонын жабуына арналған. Шара барысында Қазақстанның ядросыз әлем құру бастамасына, «Атом» жобасына және Қазақстан Президентінің 2016 жылдың наурызында Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздіктің IV Саммитінде ортаға салған «Әлем. ХХI ғасыр» манифесіне ерекше назар аударылды. 

         Шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев ат. Қостанай академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры  А.В.Видершпан, тарих ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының құқық кафедрасының доценті Р.Ғ.Нұрмағамбетов, саяси ғылымдар магистрі, ҚМПИ аға оқытушысы Т.П.Панияз қатысты. 

         Келушілердің назарына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамаларын көрсететін басылымдар қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus