Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
6 желтоқсан – Мәдениет және руханилық күні «Руханият - еларалық алтын көпір» дөңгелек үстелі
02.12.2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 Жұлдызды күн» акциясы аясында 12 желтоқсан күні Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Руханият - еларалық алтын көпір» атты дөңгелек үстел өтеді. 

Аталған шараның мақсаты – қазіргі кездегі жастардың рухани әлемі мен адамгершілігін және дүниеге көзқарас мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды арттыра түсу. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар – үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, журналистер, актерлер, жазушылар.   

Міндеттері:

-         Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және насихаттау,

-         дәстүрлі адамгершілік құндылықтарын дамыту,

-         ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу,

-         өңірдің мәдени ортасын қалыптастыруға көмектесу,

-         отансүйгіштік пен азаматтықты тәрбиелеу.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ