Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тұңғыш Президент - тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға»
02.12.2016

2016 жылдың 25-30 қарашасы күндері Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет басшысының ғаламдық бастамаларын насихаттауға арналған «Тұңғыш Президент - тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» атты кітап көрмесіне шолу өтті. 

Көрменің мақсаты – ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның аяғынан тұруына және дамуына сіңірген еңбегі мен рөлін кітаптың көмегімен көрсету.

Жас республиканың барлық жетістіктері мен табыстары Елбасының бағалауға болмайтын үлесімен байланысты, елдің беделі көпшілік жағдайда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінен қалыптасады.

Ресей және Қытай секілді әлемдік деңгейдегі державалардың қоршауында тұрып және ұлттық мүддені ескере отырып өз бетінше көрегендік саясат жүргізу өте кемеңгер және жігерлі саясатшының қолынан ғана келеді.

«Тұңғыш Президент – тәуелсіздігіміздің тірегі болған тұлға» кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады. Көрмеге Елбасының өмір жолы, балалық шағы мен жасөспірім кезі, жұмысшы мамандығын алу, жұмыс күндері, қоғамдық және саяси қызметі туралы қазақ, орыс және басқа тілдерде жарық көрген 200-ге тарта кітаптар мен басылымдар қойылды. 

Көрмеге қойылған кітаптар тәуелсіз мемлекеттің шапшаң дамуының құпиялары мен тарихи маңызы бар оқиғалар туралы, әлемдік деңгейдегі саясатшылардың  Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқандары, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың мемлекет басшысына арналған шығармаларының жинақтары жайында баяндайды.

Шараға Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің, ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» аймақтық басқармасының, «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК, «БАҰО» АҚ «Өрлеу» қызметкерлері,  ҚР ІІМ оқу орталығы мен Ш. Қабылбаев ат. Қостанай академиясының тыңдаушылары қатысты. Көрмемен барлығы 549 адам танысты.

30 қарашада «Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеранасы «Тобыл таңы» бағдарламасында кітап көрмесі және Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары мен еңбектері туралы мәліметтер айтылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus