Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Арман қала - Астана» көрмесінің аңдатпасы
05.12.2016

Желтоқсанның 8 мен 15 аралығында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қостанайлық фотограф И.Я.Вальтердің «Арман қала - Астана» көрмесі жұмыс істейтін болады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Арман қала - Астана» көрмесінің ашылуы заңды құбылыс.  Себебі Астана мен Президент – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуымен тығыз байланысты символдар.  Шамалы уақыттың ішінде республикамыз егемен ел ретінде  және тұрақты дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылды, ал Астана еліміздің жүрегіне айналды.  Жаңа астана – Президентіміздің және барша қазақстандықтардың үлкен де маңызды мәселесі. «Астана – Президентіміздің орындалған арманы, бұл оның жасымас жігерінің, ұйымдастырушылық талантының, осы жерге деген зор махаббаты мен оны гүлденген өлкеге айналдырсам деген тілегінің арқасында жүзеге асты»,- дейді сенатор Светлана Жалмаганбетова.

Фотосуреттердегі қала бейнесінен Астананың қала ретінде қалыптасқанын және жұрт қызығарлық жетістіктерге жеткенін көруге болады. Астананың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі болды. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен оған «әлем қаласы» мәртебесі берілді. Қазір Астана – әлемдегі ең жас астана, ол Еуразияның саяси және мәдени орталығына, түрлі мәдениеттер тоғысқан тоғыз жолдың торабына айналды.  

Көрмеге 21 тамаша фотожұмыс қойылған. Олардың әрқайсысы эмоционалдығымен, жаңашылдығымен, автордың қарапайым және күнде көріп жүрген заттарды өзгеше қырынан көрсете білуімен ерекшеленеді. Фотосуреттер астананың күнделікті өмірі мен оның архитектурасының әсемдігін паш етеді. Алайда көрмеге қойылған барлық фотосуреттердің басты кейіпкері бейбіт және келісімде өмір сүріп жатқан, өздерінің Президентімен бірге қуатты егемен мемлекет құрып жатқан Қазақстан халқы болып табылады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus