Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәңгілік мұралар» элегия кеші
07.12.2016

М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының қойылғанына 70 жыл және М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылғанына 90 жыл толуына арналған  «Мәңгілік мұралар» элегия кеші

 

 

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі 6 желтоқсанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында ҚР ІІМ оқу орталығының тыңдаушылары мен кітапхана оқырмандары үшін «Мәңгілік мұралар» элегия кешін өткізді. Шара М.Төлебаевтің «Біржан-Сара» операсының қойылғанына 70 жыл және М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылғанына 90 жыл толуына арналды.   

Мұқан Төлебаев – қазақтың ХХ ғ. ұлы композиторы, КСРО және ҚазКСР халық әртісі, Кеңестер одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның кәсіби музыкалық өнерінің қалыптасуы және дамуы оның есімімен тығыз байланысты. 

 «Біржан-Сара» операсы – қазақ музыкасы үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның барлық көп ұлтты мәдениеті үшін де ерекше құбылыс. Операның басты кейіпкерлері – Көкшетау өңірінің тумасы, қазақ халқының әншісі Біржан мен өз өмірін ақындық пен әнге арнаған Жетісу өлкесінің перзенті, ақын Сара.

 «Еңлік-Кебек» – қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың тұңғыш және ең ерте жазған шығармасы. Пьеса екі жастың қайғылы тағдыры жайындағы халықтың аңызына негізделген, бұл – жас жігіт Кебек пен жас сұлу Еңліктің махаббаты жайында, олардың қайғылы қазаға ұшырауына себеп болған қатал дәстүр туралы баяндайтын қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық поэмасы.

Шараға келушілер композитор М.Төлебаев пен драматург М.Әуезов жарыққа шығарған опера және халық шығармашылығының жауһарларымен сусындап,  әуенінен өмірдің қатал заңы көрініс тапқан шығармалардан үзінді тыңдады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus