Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тарих ғылымының тарланы
17.11.2016

17 қараша күні академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 85 жыл толуына орай қонақжайда ашық дәріс өтті. Дәрісті ҚМПИ оқытушысы, тарих ғылымдарының доценті, тарихшы Өтеген Ихсанұлы Исенов жүргізді. Дәріс барысында Өтеген Ихсанұлы тарихшылардың ноқта ағасы, жалынды публицист, жан кешті қайраткер, кісілігі мен кішіпейілдігімен көпке үлгі болған, ақынжанды Манаш Қабашұлы жайлы естеліктері мен еңбектеріне тоқталды. Сонымен бірге қазақтың Манашы ғылымда да, өмірде де өзіндік орнын қалдырғанын, тарихты әдебиетпен өрнектеп, тілге орамды, бояуын қанық қылып жеткізгенін де тілге тиек етті. Дәріс соңында студенттер сұрақтар қойып, «Тарих ғылымының тарланы» атты кітап көрмесімен танысты.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ