Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ыбырай Алтынсаринның туғанына 175 жыл толуына арналған «Дала қоңырауы» көрмесі
13.12.2016

Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК сирек кітаптар қорында ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсаринның туғанына 175 жыл толуына арналған «Дала қоңырауы» көрмесі ашылды.

Көрмеге П.Н. Солонинның, К. Говоровтың және тағы басқа авторлардың орыс тілі мен педагогика бойынша мұғалім семинариялары, мұғалім институттары мен халық мектептері мұғалімдеріне арналған ХХ ғасырдағы әдістемелік құралдары қойылған. Ғ. Қайырбековтың «Дала қоңырауы» дастаны, М. Симашконың «Колокол» романы Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығын шабыттана жырласа, профессор Ю.Я. Бондаренконың «И. Алтынсарин и творческий подход к изучению социально-гуманитарных дисциплин» очеркі студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мектеп оқушылары үшін де қызықты.  Қостанай облысы бойынша жасалатын «Алтынсарин есімі өшпейді» атты панорамалы интерактивті туры ұлы педагогтың атымен аталатын мекемелер мен ұйымдарды таныстырады. «Реализация культурно-просветительского наследия  Алтынсарина в воспитании молодежи» көпшілік шаралар сценарийлері мен зияткерлік ойындар жастардың ерекше қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. «Ыбырай Алтынсаринның Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы» кітапшасы облыс орталығындағы мұражайдың құрылу тарихы, қалыптасуы және дамуы туралы әңгімелейді. Біздің мұражайдан әдістемелік құралдарды, ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтары мен бағдарламаларын және тағы басқа көптеген дүниелерді көре аласыздар.

Кітапхана пайдаланушыларына ұсынылып отырылған мерейтойлық көрме сирек кітаптар бөлімінде орналасқан. 


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus