Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге»
13.12.2016

13 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 2016 жылдың басты оқиғасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» көрнекі кітап көрмесі ұсынылды. Көрме қала жұртшылығының және БАҚ өкілдерінің назарында болды. «Бабалар сөзі» сериясы кітаптарынан жасалған «25» санының иллюстрациясы көрменің жарық жұлдызына айналды.

Көрмеге Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қорынан алынған 200-ден астам кітап пен мерзімді басылымдар, сондай-ақ жерлесіміз Анатолий Дмитриевич Щепотьев жасаған Астанадағы әсем ғимараттардың пішіндері қойылды. 

Экспозиция 4 бөлімнен тұрады: «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи тағылым», «Қазақстандық жол: Тәуелсіздік хроникасы», «Тарихтар толқынындағы Президент жолдауы», «Әлем таныған Қазақстан».

«Тәуелсіздіктен – Мәңгілік Елге» көрмесі тәуелсіз Қазақстанның Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап біздің кезеңге дейінгі аралықта орын алған маңызды оқиғаларын баяндайды, Қазақстан Республикасының тұрақты даму кезеңдерін көрсетіп береді.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ