Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сенімділік және сенімді әрекет»
26.12.2016

22 желтоқсан күні Әмбебап оқу залы «Сенімділік және сенімді әрекет» тақырыбымен өткізген тренинг Қостанай медициналық колледжі студент- терінің қызығушылығын тудырды. А. Байтұрсынов ат. ҚМУ психология зертханасының мамандары Ромашева Жаңагүл Жұмабекқызы мен Ибраева Гульзат Хамзақызы студенттер арасында тренинг өткізді.Шара барысында жастарға ұялшақтық пен жалтақтықты жеңуге көмектесетін, белгісіз әлеуеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойын түріндегі тапсырмалар берілді. Тұлғаның өзінің мүмкіндігін бағалайтын тест өткізілді.Шараға орайластырып безендірілген «Ойыңды өзгертсең, өміріңді де өзгертесің» атты кітап көрмесіндегі кітаптар мен материалдар студенттердің өздерін дұрыс бағалай білуіне және өздеріне деген сенімдерін қалыптастыруға көмектесті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ