Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сирек кітаптар қорындағы көне кітаптар көрмесі
05.01.2017

Сирек кітаптар қоры «Юности честное зерцало» кітабының жарыққа шыққанына 300 жыл толуына арналған «Байлығыңмен емес, істегеніңмен мақтан» көрмесін ұйымдастырды.  

         1717 ж. 4 ақпанында Ресейде І Петрдің жарлығы бойынша «Юности честное зерцало, или Показание к житейскому обхождению» оқулығы жарыққа шықты. Бұл зайырлы жасты тәрбиелеуге және білім беруге арналған оқу құралы болды. 

«Юности честное зерцало» Петрдің рухани жаңғыруға шақырған үндеуіне толы, онда адамдарды байлығымен және шыққан тегімен дандайсымай, істеген ісімен мақтануға шақырады.

           Кітап зиялы адамның өзін ұстау үлгісін қалыптастырды, әдепсіз топтан, боқтампаздықтан, маскүнемдіктен, дөрекіліктен аулақ болуға шақырды және еуропалық ақсүйектердің мәнерін үлгі етіп көрсетті. Іс жүзінде бұл Ресейдегі алғашқы әдеп оқулығы болды. Құралға деген сұраныс өте жоғары болды.  Ол 1717 жылы екі рет басылып шықты және XVIII жүз жылдық бойы танымдылығы төмендеген жоқ.

Көрмеге сондай-ақ орыс классиктерінің тәрбие мен білім беру мәселелеріне арналған көркем шығармалары, ХХ ғасырдың басындағы ресейлік мерзімді басылымдар қойылған.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus