Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Замана сазы»
05.01.2017

Қазақ даласы ғасырлар бойы рухыңды көтерер поэзияны, сөзден түйін түйген шешендікті, қаныңды қыздырар күй мен көңіліңді толқытар әнді серік етіп өмір сүрді. Қазақтың музыкасыз күні болған жоқ – ол мерекеде де, салт пен дәстүрде де, күнделікті өмірде де және т.б. ойналып жатты.  Қазақ халқы музыкаға деген таңғаларлық бейімділігімен ерекшеленеді.

2017 жылдың 0.01 бастап Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде қазақтың атақты күйші-композиторы Сүгір Әлиұлының 135 жылдығына арналған (1882-1961)«Замана сазы» атты көрме жұмыс істей бастады.

Сүгір Әлиұлы – күйші-композитор, қазақ аспаптық музыкасының классигі.  Ол Қазақстанның музыка мәдениетінде ерекше орынға ие. Сүгірдің музыкалық қабілеті бала кезінен байқалды, ол 15 жасынан Тәттімбеттің «Сылқылдақ», «Қосбасар», «Былқылдақ» күйлерін орындаушы ретінде танымал болды. Композитордың жетілуіне әдетте қобызда орындалатын Ықылас Дүкеновтың күйлерінің көркемдік ерекшеліктері мен стилін игеруі және оларды домбыраға арнап өңдеуі ерекше маңызды рөл атқарды.  Соларды орындау арқылы Сүгір халық арасында танымал болды, оны «домбырашы Сүгір» деп атай бастады. Сүгір «Майда қоңыр», «Базарбай-Ташен», «Бозінген», «Акжелең», «Амангелдіге арнау», «Жайлау туралы», «Жайлау күйі» күйлері мен «Жолаушының жолды қоңырының» екі нұсқасын және т.б. дүниеге әкелді. Композитордың шығармалары ішінен аппақ құстың бейнесімен берілген тазалық пен нәзіктікке толы «Аққу» күйі ерекше орынға ие. Сүгір музыкалық дыбыстардың көмегімен құстың кербез қимылын және табиғатпен үйлесімділігін көрсете білген. 

«Замана сазы» көрмесіне 20 астам кітап, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар, ноталық әдебиет пен интернет-ресурстан алынған материалдар қойылған.

Оқырмандар көрмені тамашалау барысында ұлы күйшінің шығармашылығымен танысуға және қазақ халқының дәстүрлі музыкасына – рухани мұраның бай қоймасына жақындай түсуге мүмкіндік алады. Ғасырлар сынағынан сүрінбей өткен, бойына халықтың барлық шығармашылық дарыны мен кемеңгерлігін сіңірген бұл музыка үшінші мың жылдықта ерекше тарихи маңызға, ерекше құндылыққа – көркемдік және мәдени құндылыққа ие болып отыр.   


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ