Құрметті оқырмандар!
Сіздерді «Америка бұрышы» АРО ұйымдастырған кітаптар мен DVD дискілерінің көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Көрмеге америкалық классикалық әдебиеттер: М.Митчеллдің «Унесенные ветром», Д.Лондонның «Белый клык» кітаптары мен Американың классикалық киноларына негіз болған басқа да шығармалар қойылған.
Жер жүзіне жайылған Marvel мен DC ұнатушыларға 1940-1950 жылдардың комикстері бойынша түсірілген фильмдерді ұсынамыз.
Кітап оқуға тырысыңыздар, ұнататын кітаптарыңызды оқыңыздар, өздеріңіздің жақсы көретін кейіпкерлеріңізбен бірге қуаныңыздар және қамығыңыздар!