Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сұлулықты паш еткен пленэр
20.01.2017

19 қаңтар күні Өнер туралы әдебиеттер бөлімі Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың фойесінде қостанайлық белгілі суретші Г.М.Соковтың көрмесін салтанатты түрде ашты. «Пленэр» деп аталатын экспозиция шағын көлемді, қанық бояусыз, алайда асқан мәнерлілікпен орындалған жұмыстардан құралған. Пленэр суретшінің ішкі әлемін жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Кез келген суреттен суретшінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаны – мейлі ол табиғат нысаны болсын, мейлі адамның қолынан шыққан дүние болсын мұқият, ойлана зерттейтінін байқауға болады.   Суреттер түрлі кезеңде салынғанына қарамастан бір стильде, өзара үйлесімді орындалған.  Олар соншама нәзік, алайда мағынасы мол миниатюралар. Олардың әрқайсысын өлеңнің шағын шумағы деуге болады.

Көрменің ашылуына Георгий Михайловичтің көптеген таныстары мен дос-жарандары, оның шығармашылығын бағалаушылар келді. Олардың көпшілігі шеберді құттықтауға және өздерінің әсерлерімен бөлісуге асықты.

Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың директоры Дариға Төребайқызы Дүйсебаева құттықтау сөзінде Г.М.Соковқа шығармашылық жаңа табыстар мен ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ авторды суретші және педагог Светлана Ивановна Шалунова, Қостанай педагогикалық колледжінің сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы және дизайн кафедрасының меңгерушісі Бибіжамал Мұқашқызы Баяқова, ҚМУ профессоры Юрий Яковлевич Бондаренко құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. 

Георгий Михайлович өз кезегінде пленэрдің өзін несімен қызықтырғаны, оның ерекшеліктері мен күрделілігі жайында әңгімелеп берді. Сөз соңында ол шараға қатысқан студенттер мен жастарға кеңес беріп, олардың өздерінің нені армандайтындарын, суретші болғысы келетініне сенімді екендігін анықтап алуларын өтінді, себебі олардың алдында әлі таңдау жасау мүмкіндігі бар екендігін, ал уақытты өткізіп алып, өмір бойы ұнатпайтын нәрсемен айналысу қиынның қиыны екенін ескертті.  Ал суретші болуды таңдаған адамның баға үшін емес, күн сайын шығармашылық тұрғыдан өсуі үшін тынымсыз еңбек етуіне тура келетінін жеткізді.

Кездесу жанға жайлы, достық ахуалда өтіп, Меценаттар клубы сыйлығының иегері Наталья Пикулеваның орындаған әндері жиналғандарды бір-біріне одан ары жақындата түсті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus