Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесінің тұсаукесері
25.01.2017

25 қаңтар күні Әмбебап оқу залында Қазақстанның бас қаласы Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесері болды.

Тұсаукесерді Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манатбек Қадыров осыдан 100 жылдай бұрын – 1925 жылы Парижді таң қалдырған және ЕХРО-2017 лейтмотиві болған Әміре Қашаубаевтың «Балқадиша» әнімен ашты. 

Шараға жиналғандарды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы құттықтаса, «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлы ЕХРО-2017 дайындық барысындағы әсерлерін ортаға салды.

«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы Көтенбаев Талғат Жұмабайұлы қонақтарға сырттан келгендерге көрсету үшін 12 ұлттық парк пен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының қатарына алынған нысандар енгізілген арнайы туристік маршруттар жайында айтып берді. Қостанай облысының туристік маршруты –  өткен жылы құрылғанына 80 жыл толған өңіріміздің қымбат қазынасы – Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы. 

Т.ғ.к. Наурызбаева Эльмира Кенжеғарақызының жетекшілік етуімен Мини-ЕХРО-2017 жеңімпаздары Ғайса Жанбота мен Жақсылықов Ернар қонақтарды өздерінің жобаларымен таныстырды.

Балалар және жастар ұйымы қауымдастығының жетекшісі Антонинова Татьяна Николаевна жиналғандарға Дүниежүзілік көрменің сапалы өтуіне өздерінің үлесін қосатын еріктілер тобын таныстырды.

«Қазпошта» ОҚ ҚОФ директорының орынбасары Қалмұханбет Нұрболат Сейітханұлы ЕХРО-2017 билетін қалай, қайда және қандай тәртіппен сатып алуға болатынын түсіндірді.

ЕХРО тарихы жайындағы Георгий Шаповаловтың фотокөрмесі шараның сәнін келтірсе, Эльвира Сапабекованың орындауындағы ән көрменің тұсаукесеріне келгендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Төрт бөлімнен тұртын «ЕХРО-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесіне Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорынан алынған 100 астам басылым қойылған. Өзінің нысаны бойынша көрме тұрақты жұмыс істейтін, тақырыптық, стационарлық көрме болып табылады және кітапханамыздың «EXPO-2017» арналған бірқатар мәдени-ағартушылық шараларымен таныстырады. Кітап экспозициясының ашылуы оқырмандар мен қала қонақтарының Қазақстан туралы, EXPO көрмесі туралы білімін тереңдете түсуіне, қазақстандықтардың елімізде болып жатқан оқиғаларға ортақтастық сезімдерінің қалыптасуына, қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеуге, өз елін мақтаныш ете білуді тәрбиелеуге көмектесетін болады.

Барлығыңызды «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus