25 қаңтарда тұсауы кесілген «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесі өзінің алғашқы келушілерін қарсы алды. Көрмемен алғашқы болып Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-8 сынып оқушылары мен Қостанай медициналық колледжінің студенттері танысты.
ЕХРО көрмелерінің тарихы мен қайта жаңғыртылатын энергия көздері жайындағы ақпарат ерекше қызығушылық тудырды. Көрмеге шолу сындарлы сұхбатқа ұласты.
Көрмеге қойылған әдебиеттер жыл бойы жүйелі түрде жаңартылып отырылатын болады. Кітапханамыздың оқырмандары мен қонақтары үшін шолулар өткізіледі.
Мектеп, колледж оқушыларын, ЖОО студенттерін, барлық қостанайлықтар мен қала қонақтарын «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.