Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әзірбайжан әлемі
06.02.2017

Ақпан айының басында халықаралық кітаптар бөлімі «Бірлік» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің Әзірбайжан жастары күніне арналған «Әзірбайжан әлемі» шарасын өткізді.

Шара барысында әзірбайжан халқының ұлттық мәдениеті таныстырылды: қонақтар ұлттық музыка аспабының үнін естіп, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады, әзірбайжандардың әуезді әнінен ләззат алды.  

Таныстырылымға келген қонақтарды әзірбайжан этносының әдебиеті, тарихы мен музыкасы жайындағы кітап-зат көрмесі қарсы алды.

Шараға арнайы дайындалған «Қостанай облысының этномәдени бірлестіктері: Әзірбайжандықтар» ақпараттық-библиографиялық көрсеткіші «Бірлік» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі Зульфия Набиеваға салтанатты түрде табыс етілді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ