Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мини-гобелен
06.02.2017

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер бөлімі кітапхананың 1 қабатының фойесінде «Мини-гобелен» атты ерекше кітап-зат көрмесін дайындады. Оған  Қостанай педагогикалық колледжінде қостанайлық танымал суретші және педагог Баян Баталовадан «Мәдени-әлеуметтік жұмыс және халық көркем шығармашылығы» мамандығы бойынша сабақ алып жүрген студенттердің жұмыстары қойылды. Ол ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1995), облыс әкімі сыйлығының лауреаты (2000), көптеген бүкілодақтық, республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысушы. Н.В.Гоголь ат. Алматы көркемсурет училищесін, кейін КСРО суретшілер академиясының И.Е.Репин ат. Ленинград кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. Қарағанды, Семей, Арқалық, Қостанай қалаларында оқытушылық жұмысымен айналысты.  

Өзінің бай шығармашылық тәжірибесін жастарға үйрету барысында Баян Баталова әр шәкіртінің әлеуетін толық ашуға тырысады.  Көрмеге қойылған гобелендер көлемінің шағын болғанына қарамастан авторларының қиялдары мен шығармашылық мәнерлерін бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулерінде көңіл күйге әр түрлі әсер ететін ашық түстер тамаша үйлесім тапқан. Кейбіреулері қазақтың ұлттық ою-өрнегімен немесе геометриялық өрнекпен безендірілген. Бірдей жұмыстар да, қызықтырмайтын жұмыстар да жоқ. Осы жерге, гобелендердің жанына өнер бөлімінің қызметкерлері сәндік-қолданбалы өнер, қазақ халқының дәстүрлі өнері жайындағы түрлі әдебиеттерді де қойған.

Барлық өнерге, халық көркем шығармашылығына бейжай қарамайтын жерлестерімізді осы бір ерекше көрмені міндетті түрде көріп кетуге шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus