Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қоғамдық дәріс. Қостанай» жобасы
13.02.2017

«Қоғамдық дәріс. Қостанай» жобасы аясында әдеби қонақжайда қостанайлық ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметпен кездесу болып өтті. Кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ мен Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Дәрістің тақырыбы – мәдени мұра. Кездесуге қатысушылар мәдени мұраға нені жатқызу керек екендігін, қандай рухани маржандардың мәдени мұраның материалдық емес элементтері болып табылатындығын талқылап, кітаптың жас ұрпақтың дамуындағы маңызы жайында, келер ұрпаққа кітапты рухани мәдениеттің бөлігі ретінде қалай сақтау және қалай жеткізу қажеттігі жайында әңгіме өрбітті.

Кездесу соңында Ақылбек Шаяхмет барлық қатысушыларды кітап оқуға, шығармашылық ой өрістерін және өздерінің ақпараттық кеңістіктерін кеңейтуге шақырды. 

 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ