21 ақпанда халықаралық кітаптар бөлімінің ұйымдастыруымен қостанайлық суретші, ҚМПИ шетел тілдерінің оқытушысы Екатерина Кудрицкаяның «Суретке жасырылған сырлар» атты жеке көрмесінің ашылуы болды.
Кездесуге келген қонақтар акварельмен салынған және көптеген саяхаттардың жарқын сәттерін еске салатын суреттермен танысуға мүмкіндік алды. Суретші қандай музыканы көбірек тыңдайтыны, қандай шетел тілдерін үйренгісі келетіні, сондай-ақ өзін шабыттандыратын және шығармашылығын ынталандыратын дүниелер туралы айтып берді.
Көрме 2017 жылдың 21 ақпаны мен 10 наурызы аралығында жұмыс істейді.