Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Терроризм – 21 ғасырдың қатері» дөңгелек үстелі
22.02.2017

 

Адамзаттың ғасырлар тоғысындағы әлемдік деңгейде тап болған қиындықтарының қатарында терроризм мен экстремизм ерекше орында тұр. Терроризм мен экстремизм қазіргі кезде халықаралық қатынастың қалыпты дамуына шынайы қатер төндіріп отыр, оның қаупі мен түрі күн өткен сайын ұлғайып келеді, көптеген адамның өліміне алып келуде. Террористік және экстремистік топтармен арадағы байланыстың қайда алып келетіні жайында Л.Толстой ат. облыстық ғылыми кітапхананың конференция залында өткен «Терроризм – 21 ғасырдың қатері» дөңгелек үстелінде талқыланды. 

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша басқармасының бас маманы Әбдиев Сапарғали Әкімбекұлы, Қостанай қалалық мешітінің найб имамы Дайыр Дүйсен Сәрінжіпұлы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ философия кафедрасының аға оқытушысы, Этносаралық және дінаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Шаукенов Жангелді Арсенұлы, ҚМПИ дінтану пәнінің оқытушысы Бухметова Анар Аманжолқызы қатысты.

Дөңгелек үстелдің отырысына Ш.Қабылбаев ат. Қостанай заң академиясының курсанттары, ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасының қызметкерлері, студент жастар мен Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушылары шақырылды.

Қатысқандардың назарына терроризммен күрес туралы, қоғамға жат дін өкілдерінің жұмыстары жайындағы бейнероликтер ұсынылды. Кітап көрмесі безендіріліп, оған тақырыпқа сай келетін 35 түрлі кітап пен журналдар қойылды. Шара түрлі таныстырылымдармен сүйемелденді. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ