Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Музыкамен жүрген жан» кездесу-кеші
23.02.2017

22 ақпан күні сағат 15.00 Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК жиналыс залында «Музыка клубы» жұмысының аясында қаламызға белгілі музыкант және педагог, балалайка сыныбының оқытушысы, республикалық және облыстық байқаулардың көптеген лауреаттарын тәрбиелеген ұстаз Сергеей Александрович Заберезниковпен шығармашылық кездесу болып өтті.

Қаңтарда кездесуге келген қонағымыз 75 жасқа толды. Аталған мерейтойын маэстро авторлық концертімен атап өтті, оған қатысқан облыстың ең үздік әртістері мен музыканттары автордың шығармаларын орындады. Кітапханада өткен кездесу-кешіне композитормен әңгімелесу үшін халық музыкасын ұнатушылар, оның достары, сондай-ақ «Рябинушка» музыкалық клубының мүшелері келді. Кездесу барысында Сергей Александрович шығармашылық жайындағы, музыканың тұлғаны қалыптастыруға әсері жайындағы, оның жас ұрпаққа тигізер ықпалына қатысты сұрақтарға жауап берді. Композитор кітапханаға өзі шығарған шығармалардың нотасы түсірілген бірнеше жинақты тарту етті.

Шара барысында композитордың шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, «Рябинушка» халық хоры бірнеше музыкалық шығарма орындады. Кездесуге арналып «Музыка халықтың жан дүниесі» атты кітап көрмесі безендірілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus