Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жастар және инновация: іске кірісер кез
23.02.2017

«Біз ХХІ ғасырды ғаламдық батыл әрекеттер кезеңі ғана емес, сондай-ақ жас, жігерлі және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз».

Н. Назарбаев

        

         EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шаралар аясында шығармашылықпен айналысып жүрген жастармен кездесу өткізілді.

             Шараға «Озат» дарынды балалар мектебінің, Техникалық шығармашылық мектебінің, Физика-математика лицейінің және Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты. Қатысушылардың ішінде жұмыстары қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларда  жүлделі орындарға ие болған түрлі ғылыми жарыстардың, халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлері мен лауреаттары болды.  

           Абонементтер бөлімі ұйымдастырған кездесу барысында жас өнер тапқыштар жиналғандарды өздерінің өнімдерімен таныстырып, өздерінің алдыларына қойған жоспарларымен бөлісті.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ