Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өнерді жаныңмен сүй»
24.02.2017

Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде театр және кино әртісі, КСРО және ҚазКСР халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған «Өнерді жаныңмен сүй» атты кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

Казталов ауылында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) 1917 жылдың 21 ақпанында дүниеге келген Хадиша Бөкеева ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленеді. 1932 жылдан көркемөнерпаздар үйірмесінің құрамында спектакльдер қоюға қатыса бастайды. 1934 жылы комиссия іріктеп алған жастардың қатарында Ленинград қаласындағы Сахналық өнер техникумына (қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясы) оқуға аттанады және оны 1938 жылы бітіріп шығады. Сахналық өнердің үлгісіне айналған жүзден астам күрделі рольдерді ойнады. 

  «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі бойынша ХХ ғасырдың 50 жылдары кезіндегі Алматының және жалпы Қазақстанның театр өнері туралы баға беруге болады. Фильмде Шәкен Айманов пен Хадиша Бөкееваның орыс тілінде ойнаған және өткен ғасырдағы театрлардың аңызына айналған «Укрощение строптивой» спектаклінен үзінді көрсетілді.

«Өнерді жаныңмен сүй» көрмесіне кітаптар, мерзімді басылымнан алынған мақалалар, интернет-ресурстардан алынған материалдар қойылған.  Оқырмандар театр мен киноның халық әртісі Хадиша Бөкееваның шығармашылығымен таныса алады. Театрда жұмыс істей жүріп Хадиша Бөкеева Т.Жүргенов ат. өнер академиясында білім алушылардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Олардың көпшілігі кейін көрнекті актер және өнер қайраткерлері болды.  

Кітап көрмесінің материалдары бойынша «Дружба» Қостанай облыстық оңалту орталығында шара өткізілді. 

24 ақпанда көрмені Хадиша Бөкееваның шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, актер, сатирик Асқар Наймантаев тамашалады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus